Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 7 миллионнан аса адамды өлімге душар етеді, оның 900 000-ға жуығы шылымқор емес және темекі түтінімен демалғанның нәтижесінде қаза табатындар. Әлемде 1 миллиардтан астам шылымқорлардың 80%-ға жуығы темекі шегумен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің ең ауыр ауыртпашылығы тиесілі табыс деңгейі төмен және орташа елдерде өмір сүреді. Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады, ал темекі шегу мен темекі түтінін қайта жұтудың әсеріне жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дерегінің шамамен 12%-ы тиесілі. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.
Жүректің саулығына темекінің белгілі зиянды әсеріне және оған байланысты өлім-жітім мен аурушаңдықты төмендетуге бағытталған шаралардың болуына қарамастан, адамдардың көбі темекінің жүрек-қантамыр ауруларының жетекші себептерінің бірі болып табылатынын жеткілікті білмейді
Зиянды әдеттермен күресіп, өз денсаулығын күту әркімнің өз қолында. Бүгінде шылымқорлыққа қарсы күрестің түр-түрі бар. Біреу тәуелділіктен арылу үшін никотин пластырь тағады, біреу топ құрады, енді біреу ынталандыратын кітап оқиды. Мамандар пікірінше, адам темекіге тәуелділіктен қанша ерте арылса, соншалықты ұзақ өмір сүреді. Ал, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүру үшін профилактикаға ден қойған жөн.
Жамбыл облыстық оңалту орталығында психолог мамандар пациенттер арасында темекімен күрес күніне орай сұхбат жүргізіп,салауатты өмір жайлы ақпараттар берілді.Ал қызметкерлермен тренинг жүргізіп,дөңгелек үстел өткізді.
© 2025 zhorc.kz

ШЖҚ МКК "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ"
080014, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ,
ТАРАЗ Қ., УЛТАНБАЕВ К-СI, 111
Ж.ТЕЛ. 8 (726 2) 46-43-66,
ФАКС: 8 (726 2) 46-59-43;
Е-MAIL: ORC-MID@MAIL.RU

