Жаңалықтар

          Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында, Әділет министрлігі AdiletGov мобилдік қосымшасын іске қосты.

          Енді сот орындаушыларына жүгіну әлдеқайда оңай — бәрін онлайн жасауға болады:

            атқарушылық іс жүргізудің барысын білу;

            сот орындаушысының қабылдаған шараларын көру;

            өтініш, арыз немесе шағым беру;

            олардың қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылау.

          Егер жеке сот орындаушысы уақытында жауап бермесе, жүйе өтінішті автоматты түрде өңірлік палатаға және тиісті әділет органына жібереді ⚖️

            🔷 Мақсат — атқарушылық іс жүргізуді ашық және баршаға қолжетімді

ету.

          📱 AdiletGov қосымшасын Google Play мен App Store-дан жүктеп алып, мәселелеріңізді тез әрі ыңғайлы шешіңіз!