Жаңалықтар

Бүгін 29 қыркүйек Дүниежүзілік жүрек күні.
Жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік Жүрек күні аталып өтіледі. Жүрек күнін атап өту себебі, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары мен оның пайда болу себептері, алдын алу туралы ақпарат беру. Мамандардың айтуынша, адамдар салауатты өмір сүру салтын ұстанса, жүрегін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Бұл атаулы күн 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен бекітілген. Өйткені өзге дерттерге қарағанда дәл осы жүрек-қантамыр аурулары қауіпті. Кей науқастарға тек трансплантация көмектеседі. Қазір елде 100-ден астам адам донорлық жүрекке мұқтаж және олардың қатары көбейіп те келеді.

Бүгін Жамбыл облыстық оңалту орталығында атаулы күнге орай қызметкерлер арасында семинар өткізіліп,пациенттердің арнайы қан қысымы өлшеніп ,электрокардиаграмма түсіріліп ,науқастарды кардиолог дәрігер қабылдау жүргізіп кеңес берді.